$ 446.49  475.38  4.79

Шымкентте көпқабатты үйде жарылыс болды

Төтенше оқиға кезінде 11 өрт сөндіруші мен 2 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

Шымкентте тоғыз қабатты үйде жарылыс болып, жұмысшы жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыс күндізгі сағат 16:27-де Желтоқсан көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жарылыстың 1-қабаттағы дүкеннің ішінде құрылыс жұмысы кезінде болғанын анықтаған. Газ ауа қоспасының жарылысы салдарынан 10 шаршы метр аумақта пластикалық құбыр жанған.

Төтенше оқиға кезінде 11 өрт сөндіруші мен 2 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

«Тарсыл салдарынан 2002 жылы туған ер адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Өрт сағат 17:02-де оқшауланып, сағат 17:18-де толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда» делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #Шымкент