$ 444.22  476.38  4.82

Жантүршігерлік жол апатынан бір мектептің 3 бірдей қызметкері қаза тапты

29 жастағы Toyota Carina E маркалы көлік жүргізуші рулді басқара алмай, қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан.

Абай облысы қарасты Үржар ауданындағы Жанай орта мектебінің 3 қызметкері жол апатынан қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 09.12.2022 жылы сағат 14:45-те “Таскескен-Бақты” тасжолында орын алды. 29 жастағы Toyota Carina E маркалы көлік жүргізуші  рулді басқара алмай, қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары