$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысында көпбалалы отбасының үйі өртеніп кетті

Отбасында төрт бала бар. Өрт кезінде жанұяның үш мүшесі жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті.

Қарағанды облысында көп балалы отбасының үйі өртеніп, үш отбасы мүшесі жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Қарағанды ​​облысының білім басқармасы мәлімдеді.

"2022 жылдың 9 желтоқсанында №36 мектепте оқитын әріптесіміздің үйі өртенді. Отбасы баспанасыз, киім-кешексіз және қажетті заттарсыз қалды", - делінген хабарламада.

Отбасында төрт бала бар. Өрт кезінде жанұяның үш мүшесі жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 50 литрлік тұрмыстық газ баллонынан газ қоспасы шығып, одан кейін тұрғын үйдің шатырының жанып кеткенін хабарлады. Алдын ала өрт аумағы 70 шаршы метрді құрап, сыртқы қабырға опырылған.

"Нәтижесінде күйік алған 1952 жылы туған ер адам, 1953 жылы туған әйел және 2014 жылы туған бала ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ведомстводан.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ауруханаға атасы мен әжесі немересімен түскен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары