Қайғылы оқиға Тараздағы кәсіпорындардың бірінде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан темір балқытып жүрген жұмысшылардың бірі қызып тұрған пешке құлап кеткенін байқауға болады.
Желідегі пікірлерге жүгінсек, қайғылы оқиға 10 желтоқсан күні «Запчасть» АҚ Тараз зауытында болған.
Кейін белгілі болғандай, 1972 жылы туған жұмысшы металды балқыту процесінде темірдің кезекті бөлігін металмен (ілмекпен) жұмыс істеп тұрған электр-болат балқыту пешіне итеру кезінде ілгектің артқы жағы жәбірленушінің бүйіріне соғылды. Нәтижесінде жұмысшы металл балқытатын пешке құлайды. Жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.
Бұл дерек бойынша қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.