$ 496  588.01  6.42

Таразда көпқабатты үй өртенді

Өрт отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.

Таразда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 32 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Бүгін, 27 желтоқсан күні сағат 1:24-те Тараз қаласының кезекші пультіне Сағындықов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті. Сағат 1:49-да өрт толығымен жойылды. ТЖД күшімен 32 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды. Өртті сөндіруге 14 адам және 3 техника құрамында ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Күйік шалған 1930 жылғы әйел ауруханаға жатқызылды (1-2 дәрежелі 15% дене күйігі, орташа ауырлық дәрежесі).

Өрт отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Тараз #өрт