$ 494.87  520.65  4.91

«Баласы аман»: Қостанай облысындағы перинаталдық орталықта жас ана қайтыс болды

Алайда тергеу мен медициналық этикаға сүйеніп істің мән-жайын айтудан бас тартылды.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Қостанай облыстық ауруханасындағы перинаталдық орталықта жас ана қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл ақпаратты өңірдің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Баймағамбетов растады. Басылым мәліметінше, бала аман қалған. 

Алайда Баймағамбетов тергеу мен медициналық этикаға сүйеніп істің мән-жайын айтудан бас тартқан. 

"Толық жауап беру үшін белгілі бір уақыт қажет. Бүгінде бұл іс зерттеліп жатыр. Бәрі нақты болғаннан кейін толық әрі шынайы ақпарат бере аламыз деп ойлаймын", - дейді Арман Баймағамбетов.  
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары