Қостанай облыстық ауруханасындағы перинаталдық орталықта жас ана қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл ақпаратты өңірдің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Баймағамбетов растады. Басылым мәліметінше, бала аман қалған.
Алайда Баймағамбетов тергеу мен медициналық этикаға сүйеніп істің мән-жайын айтудан бас тартқан.
"Толық жауап беру үшін белгілі бір уақыт қажет. Бүгінде бұл іс зерттеліп жатыр. Бәрі нақты болғаннан кейін толық әрі шынайы ақпарат бере аламыз деп ойлаймын", - дейді Арман Баймағамбетов.