Павлодарда таңғы уақытта көшеден табылған ер адамның неден көз жұмғаны анықталып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қаңтарда сағат 07:10-да қала полициясына Павлов - Бекмаханов көшелерінің қиылысында зорлық-зомбылық белгісі жоқ ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Аталған мекенжай бойынша жедел тергеу тобы шықты. Ер адамның жеке басы анықталды. Қайтыс болу фактісі бойынша сараптама тағайындалды», – деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Қазіргі кезде оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.