Оқиғалар 31.01.2023 сағат 13:00

Маңғыстау тұрғыны өз көлігінде газға уланып көз жұмды

Екінші жігіт ауруханаға жеткізілді.
Маңғыстау тұрғыны өз көлігінде газға уланып көз жұмды
Фото: newtimes.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Маңғыстау облысының Бекі ауылында екі жігіт көлікте ұйықтап қалып, біреуі газға уланып қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 2023 жылдың 28 қаңтарында сағат 14:10 шамасында орын алған.

«Toyota Prado» маркалы көлікте 38 және 40 жастағы ер адамдар ұйықтап қалған. 38 жастағы жігіттің денесі зорлық белгілерінсіз табылды» деп мәлім етті Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Екінші жігіт ауруханаға жеткізілді.

Бұл факт Маңғыстау ауданының полиция бөліміне тіркелді. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның бүкіл мән-жайын анықтап жатыр.

Тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларын ұмытпауға шақырады және оның алдын алу үшін автомобильдің газ шығару жүйесінің дұрыстығын тексеріп отыру қажеттігін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар