Оқиғалар 01.02.2023 сағат 15:40

Жетісу облысында көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты

Hummer H2 көлігінің 57 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Жетісу облысында көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты
Фото: POLICE_of_KZ
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жетісу облысында автокөлік аударылып, 57 жастағы жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 1 ақпанда болған.

«Таңғы уақытта Сарыөзек – Көктал автожолының 119 шақырымында жол апаты болып, Hummer H2 көлігінің 57 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Іс жүзінде қажетті сараптамаларды тағайындаумен бірге тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар