Оқиғалар 04.02.2023 сағат 10:00

Талдықорғанда жасөспірім кәмелетке толмаған баланы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген

Екеуі де Талдықорған қаласының 13 және 15 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімдері болып шықты.
Талдықорғанда жасөспірім кәмелетке толмаған баланы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген
Фото: Azattyq Rýhy
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлеуметтік желіде жасөспірім кәмелетке толмаған баланы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген видео жарияланды. Полиция аталған жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция бейнежазбада көрсетілген тұлғаларды анықтағанын хабарлайды. Екеуі де Талдықорған қаласының 13 және 15 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімдері болып шықты.

Бейнежазба 2022 жылдың желтоқсанында жасалғаны белгілі болды. Жасөспірімдер ата-аналарымен бірге қалалық полицияға жеткізілді. Мұндай жағдайда балалар психологы, заңды өкілдер, педагогтар мен адвокаттардың міндетті түрде қатысуымен сауалнама жүргізіледі.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлімінде «Жас балаға қатысты, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген полиция хабарламасында.

Қылмыстық істі тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісіне алынды және полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар