$ 448.15  483.46  4.86

Павлодар-Қызылорда тасжолында көлік апатынан 2 адам көз жұмды

Mercedes-тің өзге екі жолаушысы - 48 жастағы әйел мен оның 7 жасар қызы және Lexus-ты тізгіндеген 36 жастағы қарағандылық тұрғын Екібастұз ауруханасына жеткізілді.
Фото: /POLICE_of_KZ
Фото: /POLICE_of_KZ

Павлодар-Қызылорда автожолындағы көлік апатынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көлік апаты 6 ақпан күні болған.

«Павлодар-Қызылорда автожолының 244 шақырымында, Қарағанды облысының шекарасындағы Марғұлан ауылының маңында Mercedes көлігінің 43 жастағы жүргізушісі алдыңғы көлікті басып озып, қарсы жолаққа шығып, Lexus көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Павлодар тұрғындары - Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен 75 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Mercedes-тің өзге екі жолаушысы - 48 жастағы әйел мен оның 7 жасар қызы және Lexus-ты тізгіндеген 36 жастағы қарағандылық тұрғын Екібастұз ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары