$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда ит қапқан бала жансақтау бөліміне түсті

Бұралқы иттер жеткіншектің басы мен қолын аяусыз тістеп тастаған.
© Photo : unsplash
© Photo : unsplash

Атырауда ит талаған 8 жастағы бала жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқиға 15 қаңтарда кешкі сағат 19.00 шамасында Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала елді мекенінде болған.

"Бала сабақтан келе жатқанда бұралқы иттер талаған. Баланың ата-анасымен сөйлесіп, мәселені бақылауда ұстап отырмыз. Бастауыш сыныптың оқушысы болғандықтан, баланы мектептен күтіп алып, шығарып салатын қасында адам болу керек еді", – дейді Кеңөзек ауылдық округінің әкімдігі.

Баланы ит қапқанын ешкім көрмей қалған. Әбден талап болғаннан кейін көршісі көріп көмекке жүгірген. Бұралқы иттер жеткіншектің басы мен қолын аяусыз тістеп тастаған.

"15 ақпан күні сағат 19:00 шамасында 2015 жылы туған бала жарақат бөлімшесіне жеткізілді, оның басы мен аяғы жараланған. Бала травматикалық шокта болды, ол бірден жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды", - деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқрмасының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары