$ 494.87  520.65  4.91

Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Toyota Alphard автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі 57 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Hyundai Santa Fe автокөлігіне соқтығысқан.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Батыс Қазақстан облысында көліктердің бетпе-бет соқтығысуынан екі адам қаза тапты деп хабарлады Рolisia.kz.

Жол апаты 21 ақпан сағат 10:30 шамасында Самара-Шымкент тас жолының 241 шақырымында болған. Toyota Alphard автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі 57 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Hyundai Santa Fe автокөлігіне соқтығысқан.

«Оқиға орнында 25 жастағы Toyota жолаушысы және 56 жастағы Hyundai жолаушысы қайтыс болды. Екі жүргізуші мен қалған жолаушылар түрлі дене жарақаттарымен қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары