26.02.2023, 14:30

Петропавлдағы түнгі клубта бір адамды атып кетті

Фото: tengrinews.kz
Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

26 ақпан күні Петропавл полиция басқармасының 102 нөміріне облыс орталығындағы көңіл көтеру орындарының бірінде ер адамның атыс жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Polisia.kz-тің хабарына қарағанда, 28 жастағы ер адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген, бірақ алған жарақатынан қайтыс болған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі "Адам өлтiру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қажетті бірнеше сараптамалар тағайындалған. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Күдікті Петропавл полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.