$ 443.44  480.51  4.88

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам әртүрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Атырау облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты. Тағы 3 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 28 ақпан сағат 07:55 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 492 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.

«Мақат – Қызылқоға бағытында келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі көлікті игере алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, ауыр жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам әртүрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары