Қостанайда 76 жастағы қарт әжені аса қатыгездікпен өлтірген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Костанайские новости жергілікті басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 23 ақпан күні қала маңындағы «Мичурино» ауылында болған.
«Сағат 21: 00 шамасында 102 пультіне Дачная көшесіндегі үйдің өрті туралы хабарлама келіп түсті, өртті сөндіру барысында зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар 76 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Аталған факт ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі – кісі өлтіру бойынша тіркелді», - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.
Кейінірек полиция қанды оқиғаға қатысы бар деген екі күдіктіні ұстады, олар облыс орталығының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер Қостанай қ. Полиция басқармасының уақытша қамау изоляторына жіберілді.