Соңғы жаңалықтар

Оқиғалар
Тапсырыс болуы мүмкін: Ақтөбедегі моншалардың бірінде атыраулықтар бір-біріне оқ атты

Тапсырыс болуы мүмкін: Ақтөбедегі моншалардың бірінде атыраулықтар бір-біріне оқ атты

Атырау тұрғындары Ақтөбеде бірнеше күн пәтер жалдап тұрған. Кейін ол үйден екі қару табылды.

Балықшылар 150 дельфинді жауыздықпен өлтіріп, бухтаны қанжоса қылды

Жыл басынан бері Фарер аралдарында 500-ден астам дельфин өлтірілген. Жергілікті тұрғындар су жануарының осы түрін тағам ретінде пайдаланатынын айтып ақталады.

Митингке шыққан бойжеткендерді жедел жәрдем көлігі алып кетті

Полицейлердің бойжеткендерді соққыға жыққаны соншалық, оларды жедел жәрдем қызметі ауруханаға алып кетуге мәжбүр болды.

Сарыағаш базарында тілі толық шықпаған қызынан көз жазып қалған әке елді дүрліктірді

Әкесі базар аралап жүргенде, 4 жастағы тілі шыға қоймаған қызын жоғалтып алған. Тәртіп сақшылары екі сағат дегенде баланы тауып берді.

«Қойларға да құжат керек!»: Қарағандыда ХҚКО-ға келген ұсақ мал жұртты күлдірді (ВИДЕО)

Қарағандының Ұлытау ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына қойлар кіріп кеткен. Орталық қызметкерлері олардың ғимаратқа қалай кіріп кеткенін байқамай қалған екен.

Ақыл-есі кем жеткіншек мектеп оқушысының басын балталап тастады. Қыз бала санавиациямен көрші қалаға жеткізілді

Даниил Пулькин мектепке екі апта бұрын шабуыл жасауды жоспарлаған. Суретшіге жолығып, қолына балта ұстаған суретке тапсырыс беріпті. Тіпті, жейдесіне "түңілдім" деп жаздыртыпты.

Қарулы шабуылдан бірінші сыныпта оқитын қыз бала көз жұмды, бес оқушының жағдайы ауыр

Шабуыл жасаған 50 жастағы ер адам өзіне пышақ сұғып, оқиға орнында көз жұмды.

Автобус аялдамасындағы шабуыл: Жапонияда белгісіз азамат 19 адамға пышақ жарақатын салды

Полиция қылмыскерді ұстады. Алайда, ол өзіне де пышақ сұғып үлгерді. Оқиға орнынан екі пышақ табылды. Мән-жай анықталып жатыр.

Украина әуе компаниясы жолаушыларының бір бөлігін әуежайда ұмытып кетті

Алдын ала ақпарат бойынша, әуежай қызметкерлері жолаушыларды терминалдан ұшаққа жеткізіп үлгермеген. Ұшақ жолаушыларсыз ұшып кеткен.

Ресейде түскі асын жылытпақ болған шопан 600 гектар алқапты өртеп алды

Бүгінде шопан қамауға алынды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.