Атойлап шығу қазақтың дала психологиясына деген сағыныш болуы мүмкін. Жалпы, бүгінгі геосаяси турбуленттік заманда, атойлап шығуды сыртқа көрсететін сес ретінде пайдаланған дұрыс.
Қазақтың рухы оянып келе жатқан жоқ, ол оянды. Қоғам, қазақ қоғамы бүгін біртұтас. Билік бүгін осы мәселені кешенді түрде қарастыруы қажет. Өйткені, бұл күш жасампаздық тұрғыда да, жойқын қара күш ретінде де дамып кетуі ықтимал. Қазақтар үзеңгіні ұзақ салумен бірге үзеңгіге бір мінсе, оңай болмайтыны Һақ. Негізінде осы мәселе, қоғам мен биліктің ортақ мәселесі.