Қойшы қора қақпасын ашып, қойларының қоңдыларын - ет комбинатына, арықтарын өріске деп іріктеп-бөліп алуы әбден мүмкін. Біздің діншілдеріміздің көбісінің «Мақшар» (метатезалық «Машқар» үлгісі де бар) туралы пайымдары да сондай қарекет төңірегінен алыстамайды. Құдай ондай «қойшы» емес. Әр адам өмір-бақи өз ойларына өзі «қойшы» бола білу керек. Мәселе − сонда.