$ 494.87  520.65  4.91

«Асқар Нәсеновті «Рыжий Алмазбен» байланыстыру ақылға сыймайды» - Заңғар Кәрімхан

Асқар Нәсеновті Несіпбайдың бауыры деп жазу арқылы мүдделі топ алдымен "Рыжий Алмаздың" атын малдануды, екіншіден туыстық қатынас арқылы билікке, басшылыққа таныстықпен жолмен жетті дегенді көздеп отыр.
фото: tengrinews.kz, compromat.ws
фото: tengrinews.kz, compromat.ws

Жақында "Алматыда атышулы Рыжий Алмаздың бауыры сотталды" деген тақырыппен мақалалар ақпараттық сайттарда жарияланды. Онда Транстелекомның бұрынғы басшысы Асқар Нәсеновке төрт жылдық үкім шығарылғаны жазылған.

Асқар Нәсеновті Несіпбайдың бауыры деп жазу арқылы мүдделі топ алдымен "Рыжий Алмаздың" атын малдануды, екіншіден туыстық қатынас арқылы билікке, басшылыққа таныстықпен жолмен жетті дегенді көздеп отыр. Бұл түбірімен қате ой, теріс түсінік. 

Асқар мен Несіпбайдың әкесі бір болғанымен, шешелері бөлек. "Рыжий Алмаздың" атышулы кезеңінде басқа інілері өте жас болды. Экономист әрі тарихшы әкесі Б. Нәсеновтің естелігінде Несіпбайдың бауырларына кесірін тигізбеу мақсатында олармен жақын араласпағаны жеткілікті дәлелденген.

Ең сорақысы, А. Нәсеновтің қызметін 22 жыл бұрын (1998 жылғы 31 мамыр) кісі қолынан опат болып кеткен Несіпбай марқұмның есімімен байланыстыра жазу еш ақылға сыймайды. 

Айыпталып отырған А. Нәсенов - жоғары білім алған, сол білімімен бірталай белесті бағындырған санаулы маманның бірі. Оның бір басына жетерлік қарым-қабілетімен "Рыжий Алмаздың" атағын, ақшасын пайдаланып, қызметке көтерілуі мүмкін емес.

Асқардың әкесі Болатбек Нәсенұлы еліміздің салық, экономика, кірістер министрліктерінде ұзақ жылдар қызмет сіңірген. Ол кісі балаларының жоғары білім алуы, адал, пайдалы қызмет етуі үшін жақсы тәрбие беріп өсірген.

Ұлының жазықсыз сотталып отырғанына, жалған прокурорлар мен алаяқ соттардың кесірінен түрмеге нақақ қамалғанына, оны жүзеге асырушы бір топтың барына сенімді.

Ақпараттық сайттардың ақпараттың ақ-қарасын ажыратпай, жерден жеті қоян тапқандай жарыса жариялауы біржақты кеткенімен қоймай айыптаушы тараптың мүддесіне қызмет етіп отырғанын айғақтайды.

Заңғар Кәрімхан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары