Соңғы жаңалықтар

Пікір

«...Қазақтың рухы оянып келе жатқан жоқ, ол оянды. Осы пассионарлық күшті қалай пайдаланамыз?!»

Атойлап шығу қазақтың дала психологиясына деген сағыныш болуы мүмкін.Жалпы, бүгінгі геосаяси турбуленттік заманда, атойлап шығуды сыртқа көрсететін сес ретінде пайдаланған дұрыс.

«...Рудан қорқудың, үркудің қажеті жоқ. Ру ‒ қазақ болмысының бір бөлігі»

Бүгін "Радиоточка" сайтындағы қазақ қоғамындағы рулардың рөлі туралы талқыға қатысып қайттым. Талқыдан шыққан соң миға мынадай бір аналогия келді.

«...Бекболат ағанікі өнерге жаны ашу емес»

Жүрсін Ерман да Бекболат Тілеухан да қазақтың маңдайына біткен бақ. Екеуі де ұлттың аяулы ұлы. Екеуі де текті адам. Ұрпақ тараса екеуінен тарасын. Бірақ, бір нәрсеге ішім ашиды. Неге Бекболат аға айтыстың шылбырын қолына алғысы келді? Жүрсін Ерман екі тізгінін тең ұстап келе жатыр еді ғой. Бекеңсіз де айтыс айтыс еді. Айтыс онсыз да асқақтап тұрған. Онсыз да айтыс өлмейтін еді. Өйткені Жүкең тірі ғой. Бұл жерде басы ашық нәрсе бар. Бекболат ағанікі өнерге жаны ашу емес. Егер шынымен өнер үшін, өнерге жаны ашығандығы үшін еңбектенгісі келсе, өзінің тербетілген бесігі - дәстүрлі ән өнері бар емес пе? Сол дәстүрлі ән қазір бейшара күйде. Соны неге жандандырмайды? Ол Бекеңнің қолынан келетін еді ғой. Бұл жерде Бекеңе идеология керек сияқты. Кешегі Ақанның «Балқадишасын» бір әншінің балбыратып орындағанынан қазаққа келер пайда аз. Ал айтыста жаңа сөз, жаңа ой айтылады емес пе? Мен бұл жерде ештеңе айтқым келген жоқ. Тек Жүрсін Ерманды жетімсіретпейікші. Ол айтыс үшін туылған адам. Енді қанша өмірі қалды дейсіңіз, 50-ақ жыл өмірі қалды. Сол елу жылында оны айтысынан айырмайық. Ал Бекболат ағамның домбырасы бар емес пе?!

Бейбіт САРЫБАЙ,

ақын.

«Халық терісін жамылған депутаттар...»

Осыдан бірер жыл бұрын облыстық мәслихаттың бір депутатымен сұхабттасқаным бар. Сөз арасында «осы депутат болуға неге сонша құмар боласыздар» деп сұрадым. Әдеттегі әуенмен «халыққа қызмет еткім келді, жігіт ағасы болған шағымда елге бір пайдам тисе екен деген оймен...» деп көкірегін кере жауап берген.

«Ресейге салынған санкциялардың бізге пайда әкелетін жағы да бар»

Ресейде болып жатқан қиыншылықтарға қуанып жатқан жоқпыз. Дегенмен, санкциялар әсерінің бізге пайда әкелетін де жағы бар. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов бүгінгі брифингінде осылай деді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Құрылтайшы құдай болғысы келеді...»

Жер көлемі жағынан алғашқы ондыққа кіретін, экономикалық әлеуеті жағынан алғашқы елулікті місе тұтпай, отыздыққа кіруді ойластырып жүрген Қазақ елінде бүгінде басқа-басқа, әсіресе, сөз шаруашылығы ерекше қарқынмен даму үстінде. Келмеске кеткір Кеңес өкіметінің кезінде бюджет бекіткенде сөзге ең соңынан көңіл бөлінуші еді ғой. Халық шаруашылығының түрлі саласынан қалған тиын-тебендердің басын құрастырып, өңкей сөлкебайды газет-журнал редакцияларына тауыққа бидай шашқандай етіп, шашып жіберетін. Қазір басқа салалар, кішкене әсірелеп айтсақ, сөзден артылған ақшаны алады.