Соңғы жаңалықтар

Руханият
Шымкентте сәбилерге домбыра тарту етілді

Шымкентте сәбилерге домбыра тарту етілді

Ұлттық домбыра күніне орай Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы қаладағы перинаталдық орталықтарда «Қасиетті Домбыра» акциясын өткізді. Іс-шарада ассамблея мүшелері шілде айының бірінші жексенбісіне белгіленген ұлық мейрамда бірінші болып жарық дүние есігін ашқан ұл мен қызға ізгі тілек жазылған хат тапсырып, ата-аналарына домбары мен арнайы сыйлықтар тарту етті. Әрі домбыраның бұрауын келтіріп, бақытты ата-аналарға күмбірлете күй тартып берді.

Шымкент қаласының əкімі Ораза айт мерекесімен құттықтады

Бүгін таңертең Шымкент қаласының барлық мешіттерінде Ораза айт намазы оқылды. Шаһардың Орталық мешітіне айт намазын оқуға көп адам жиналыпты. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та осы жерден табылып, барша мұсылман жамағатты мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Шымкент қаласындағы «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу іс-шарасы өтті

Шымкенттегі «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған ауқымды іс-шара өтті. Жиынға Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері, қуғын көрген алаш ардақтыларының ұрпақтары мен қала басшылығы қатысты.

Шымкент қаласындағы Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелерінің аумағында көріктендіру жұмыстары басталмақ

«Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасы бойынша 7 нысан республикалық маңызы бар, 8 нысан жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілді. Осыған орай, Шымкент қаласындағы киелі орындар - Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелерінің аумағында таяу уақыттары көріктендіру жұмыстары жүргізілді.

Ұлттық музейде «Музейлер түні» акциясы өтеді

18 мамыр күні сағат 18:00-24:00 аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің 5 жылдығына орай Халықаралық музей күні мерекесіне арналған «Бес жыл бірге» тақырыбында «Музейлер түні» акциясы өтеді. Акцияға келген астаналықтар мен қала қонақтары Ұлттық музейге тегін кіріп, түрлі шараларды тамашалай алады, деп хабарлайды музейдің баспасөз қызметі.

Брюссельде «Айка» фильмі көрсетілді

Басты рөлде қазақстандық актриса Самал Еслямова ойнайтын Сергей Дворецкийдің «Айка» фильмі Бельгия кинопрокатына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Шымкент: Ішкі саясат және дін істері басқармасы семинарға ұйытқы болды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігі өзара бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі руханияттың рөлі» атты өңірлік семинар ұйымдастырды. Семинар жұмысын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар туралы хабарлама жасады.

Алматыда «Аруақ» көркем фильмінің тұсаукесері өтті

Алматыда MEGA Alma-Ata СОО Chaplin Cinemas кинотеатрының ашылуы аясында «Аруақ» көркем фильмінің тұсаукесері өтті, деп жазады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі. 

Қазығұртта қазақтың үш биіне ескерткіш қойылды

Нұх пайғамбардың кемесі қалған киелі Қазығұрт мекенінде қазақтың Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріне арналған еңселі ескерткіш бой көтерді. Бұл aigak.kz хабарлады.