Руханият 03.04.2019 сағат 09:48  290

«Шыңырау» повесі желісімен түсірілген фильм Иранда фестивальге қатысады

Жәнібек Жетіруовтың «Шыңырау» атты көркем фильмі Халықаралық «Фаджр» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады. Фестиваль 2019 жылғы сәуірдің 18-26 аралығында Иранның астанасы Тегеранда өтеді. Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Шыңырау» повесі желісімен түсірілген фильм Иранда фестивальге қатысады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

Fajr International Film Festival (FIFF) Иран киносының дамуына үлкен әсер тигезітен,  басқа елдермен мәдени алмасуға ықпал ететін ірі кинофестиваль.  Негізі 1982 жылы қаланғалы бері фестивальдің қазылар алқасы қатарында әлем кинематографының белді тұлғалары - Фолькер Шлендорф, Кшиштоф Занусси, Бела Тарр, Агнешка Холланд, Андрей Звягинцев және Рүстем Ибрагимбеков болған.

Әбіш Кекілбаевтың повесі «Шыңыраудың» желісі бойынша түсірілген картина құдық қазушы Еңсептің оқиғасын баяндай отырып, менмендік, бақталастық, махаббат, достық, қастандық сынды адамға тән құбылыстарды көтереді.

 «Фильм тек кинофестиваль талаптарына ғана емес сонымен қатар  көрермендердің де көңілінен шығатынына сенімдімін. Себебі фильмге арқау болған тақырып тың және құпия мен сырға толы касиетті Маңғыстаудың ғажайып табиғаты шығарманың бояуын қанықтырып, оған терең астар жүктеді. Биыл еліміз қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындалып жатқанда фильмнің осындай халықаралық кинофестивальдерге қатысуы жазушының творчествасына берілген зор баға және біз үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын», - деді фильмнің режиссері Жәнібек Жетіруов.

 Аталған фильм Бангладештің Дакка қаласында өткен 17-ші ХКФ үздік операторлық жұмыс номинациясы бойынша жеңіске жеткен.

Жәнібек Жетіруов  – кинорежиссер, Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі, 1958 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бай-Қожа ауылында дүниеге келген.  1986 жылы Әл-Фараби атындағы филология факультетін тәмамдаған. 1993 жылы Мәскеуде Сценаристер мен режиссерлер жоғары курсын бітірген(деректі фильмдер режиссері). Автор ретінде отыздан астам деректі фильм түсірген. Көркем фильмдегі дебюті – «Дүниежарық» фильмі.

Дереккөз: BAQ.KZ

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар