Руханият 04.04.2019 сағат 13:33

Қарағанды облысының әкімі «Қазақ хандығы» фильмінің ұжымымен кездесті

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмінің шығармашылық тобы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың қабылдауында болды. Бұл фильм Қазақ хандығының -550 жылдығына байланысты арнайы түсірілген фильмінің жалғасы.

Қарағанды облысының әкімі «Қазақ хандығы» фильмінің ұжымымен кездесті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Фильмінің бас режиссері Рүстем Әбдірашев, бас продюсері Арман Асенов, диалог мәтіндерінің авторы Ерлан Төлеутай және басты рөлдерді сомдаушылар Қайрат Кемалов, Ниязбек Шайсұлтанов, Ғазизатаңшолпан Тілеубай, Мейрхат Амангелді бар шығармашылық топты Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Асхат Аймағамбетов қарсы алды.

Кездесулер барысында режиссер Рүстем Әбдірашов «Алтын тақ» фильмінің «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» киноэпопеясының жалғасы екенін атап өтті. 

Рүстем Әбдірашев картинаны түсіруге 500-ден астам адам жұмылдырылылғанын, актерларды Қазақстанның бірнеше облысынан жинағанын айтты.  Сонымен қатар фильмде Моңғолия, Қытай және Ираннан келген актерлер ойнайтынын да атап өтті.

Керей хан рөліндегі Қайрат Кемелов хан рөліне бекітілгенін естігенде қатты қуанғанын айтады. Театр саласында  40 жылдық тәжірибесі бар маман бұл туындының ерекше екенін айтады. Сондай-ақ фильмнің өз қиындықтары да бар, өйткені жұмыс өте күрделі дейді ол.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар