Руханият 08.04.2019 сағат 04:16  160

Елордада «Күлтегін» анимациялық фильмі тегін көрсетілді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Күлтегін» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада «Күлтегін» анимациялық фильмі тегін көрсетілді

Бұл қайырымдылық бастама Наурыз мерекесінен бастау алды. «Күлтегін» мультфильмнің 2 сеансына 5 000-ға жуық бала, оның ішінде көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жетімдер үйінің тәрбиеленушілері, мүгедек балалар да қатысты. 

«Бұл қайырымдылық іс-шара отандық мультфильмдер арқылы жас көрерменнің ел тарихына деген қызығушылығын арттырады. Отандық анимациялық туындыларды көрсетудегі мақсат - даңқты батырлардың ерлігін, қазақ халқының мәдениетін анимация арқылы таныту, сондай-ақ жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу. Алдағы уақытта «Қазақконцерт» пен «Қазақфильм» ұйымдарының бірлескен бастамасы өз жалғасын тауып, «Қазақстан» ОКЗ кинозалында мультфильмдер және қазақ кино өнерінің басқа да озық туындылары жас бүлдіршіндерге тегін көрсетілмек», - деп хабарлайды министрліктен.

 

Соңғы жаңалықтар