Руханият 23.04.2019 сағат 04:58  45

«Сөзсіз әндер»: елордада Феликс Мендельсон-Бартольдидің 210 жылдығына арналған концерт болады

«Сөзсіз әндер». «Астана Опера» опера және балет театрында Феликс Мендельсон-Бартольдидің 210 жылдығына арналған ән кеші болады, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

«Сөзсіз әндер»: елордада Феликс Мендельсон-Бартольдидің 210 жылдығына арналған концерт болады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «FORTE-TRIO» мемлекеттік триосы «Астана Опера» театрының Камералық залындағы концерттер сериясын жалғастырады.

FORTE-TRIO ұжымының барлық музыканттары – танымал аспапшылар, халықаралық байқаулардың лауреаттары. Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.

Ансамбльдің аса бай репертуарына бароккодан джазға дейінгі түрлі стильдер мен бағыттағы туындылар енген. Өздерінің орындаушылық интерпретацияларын жасай отырып, трио классикалық музыка бағалаушыларының жүрегін жаулауда. Қазақ халық музыкасы және Қазақстан композиторларының туындылары ұжым шығармашылығында ерекше орын алады.

Музыканттар сонымен қатар ансамбль құрамында оркестрмен, әртүрлі солист-аспапшылармен және әншілермен бірге өнер көрсетеді.

FORTE-TRIO – көптеген халықаралық байқаулардың қатысушысы, ұжым Еуропа мен Азияның айтулы концерт алаңдарында бірнеше рет Қазақстан атын танытқан.

Осы кеште сіздер барша әлемдік музыкалық қауымдастық 210 жылдығын атап жатқан ұлы неміс композиторы Феликс Мендельсон-Бартольдидің музыкасын тыңдай аласыздар.

Соңғы жаңалықтар