Руханият 26.04.2019 сағат 09:25

«Тұлпардың ізі» фильміне арналған кітаптың тұсауы кесілді

IV Еуразия халықаралық кітап көрме - жәрмеңкесі аясында, кинотанушы ғалым Нәзира Мұқышеваның "Әкім Тарази – кинодраматург "Тұлпардың ізі": Сценарийден фильмге дейін" атты жаңа кітабының тұсауы кесілді, деп жазады BAQ.KZ.

«Тұлпардың ізі» фильміне арналған кітаптың тұсауы кесілді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кітап белгілі жазушы, драматург, кинодраматург Әкім Таразидің сценарийі бойынша түсірілген, қазақ киносының классикалық шығармаларының бірі – "Тұлпардың ізі" фильміне арналып отыр. Фильмнің негізгі діңгегі – сценарий. Фильмнің болашақ тағдырын да шешетін сол сценарий. Сондықтан кітапта ең алдымен фильмнің әдеби сценарийіне аса көңіл бөлінген.

"Бұл фильмді шығармашылық топтың ізі деп атауға болады. Кітапата фильмнің экранға шыққанға дейінгі әр сатысы суреттелген. Онда көркемдік кеңестің отырыстары, сценарийді бір рет емес, бірнеше рет қайтарып жібергені, сценарийге қарсы шыққан тұстар да жазылған. Фильмнің сценарийінде, жігерлі шығармашлық топтың іздері сайрап жатыр. Кітапта туындының қалай түсірілгені терең зерттелген. Бір фильмге арналған бір кітап. Әдетте фильм әдеби шығарманың негізінде түсірілсе, бұл кітап фильм негізінде шығарылған құнды дүние. Кітапта Қазақфильм киностудиясында жұмыс істеген талай майталман режиссерлердің еңбегі жатыр. "Тұлпардың ізі" шындықты көрсеткен фильм. Прокат мәселесіне келсек, кеңес үкіметі фильмнің таралуына мүмкіндік бермеді, өйткені онда шындықтың ізі сайрап жатты", - деді режиссер Сламбек Тәуекел.

Кітаптың "Тұлпардың ізі": сценарийден фильмге дейін" деп аталатын алғашқы бөлімінде Әкім Таразидің жоғары сценарлық курста дипломдық жұмысы ретінде жазған "Жазирадан" бастап, "Жанарымда – Шолпан жұлдыз" және өндіріске жіберілген соңғы нұсқасы – "Тұлпар" әдеби сценарийлері мен режиссерлік сценарий, фильмді түсіру және оны экранға қабылдау кезеңдері баяндалған. Оған қоса әдеби сценарийдің барлық нұсқасы мен режиссерлік сценарий, фильм бойынша "Қазақфильм" киностудиясының сценарлық бөлімінде және көркемдік кеңесінде өткен талқылау жұмыстары да қамтылған.

"Кітап тұтасымен архив құжаттарының негізінде дүниеге келді. Өкінішке орай барлық құжаттар орыс тілінде болды. Кітап қазақ тілінде жазылғандықтан мүмкіндігінше тұпнұсқасынан алшақтамауға тырыстық. Кітапты жазған кезде нақты үлгі болмады. Сондықтан бұл кітапты еркін түрде жазуға тырыстым. Режиссер Мәжит Бегалин мен сценарист Әкім Таразидің тамаша тандемінен шыққан фильм классикаға айналды", - деді Нәзира Мұқышева

"Әкім Тарази – кинодраматург. "Тұлпардың ізі": сценарийден фильмге дейін" – архив құжаттары негізінде фильмнің сценарийінен бастап, түсіріліп шыққанға дейінгі тарихы қамтылған қазақ кинотану саласындағы алғашқы еңбек.  

"Шыныда да бұл бір фильмге арналған алғашқы кітап. Оңай болған жоқ. Алматыда Қазақстан орталық мұрағаты бар. Театр, киноға байланысты алтын қордың бәрі сонда жатыр. Көптеген тарихшылар сол құжаттар арқылы үлкен еңбектер шығарып жатыр. 1960 жылдары түсірілген қаншама фильмдер жатыр мұрағатта. Фильмдер дүниеге қалай келді, қалай шыққаны туралы біз біле бермейді екенбіз. Ал оны біз және кейінгі ұрпақ білу керек. Оның арғы жағында фильм тағдырымен қатар, үлкен суреткерлердің, кинематогрфистердің шығармашылығы мен тағдыры жатыр", - деді кинотанушы.

 Тұсаукесер барысында Нәзира Рахманқызы сол кездегі талқылау кеңесінің ерекшеліктеріне де тоқталды.

"Мен архивті қарастырған кезде бір таңқалғаным бар. Біздің көбіне бүгінгі киноға көңіліміз толмайды ғой. Неге? Өйткені біз көптеген фильмнің сценарийін дұрыстап пісіріп алмаймыз. Ал енді менің таңқалғаным бұл фильмнің сценарийі өндіріске кеткенге дейін бір жыл бойы талқыланған. Бір қарағанда ештеңе өзгермеген, мәселен сценарий желісі бойынша, тек кейіпкер сөзі немесе тұрысы шамалы ғана өзгерген. Алайда сол шамалы өзгерістер арқылы кейіпкерлердің бейнесі де, сценариий де түгел өзгеріп шығады екен", - деді кинотанушы ғалым.

Кітаптың екінші бөлімі – «Әкім Тарази прозасының кинематографиялық табиғаты» деп аталады. Бұл бөлімде жазушының прозалық шығармаларының кинематографиялық табиғатына талдау жасалды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар