Руханият 30.04.2019 сағат 19:42

Шымкент: Ішкі саясат және дін істері басқармасы семинарға ұйытқы болды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігі өзара бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі руханияттың рөлі» атты өңірлік семинар ұйымдастырды. Семинар жұмысын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар туралы хабарлама жасады.
Шымкент: Ішкі саясат және дін істері басқармасы семинарға ұйытқы болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Семинар барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Айбек Шілманов сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою бойынша алдын алу және имандылық, рухани-адамшгершілік жағдайын қалыптастыру, кез келген заң бұзушылыққа төзбеушілік танытуда белсенді болуға шақырды. Осы орайда насихат жұмыстарында мешіттердегі дін өкілдерінің орны айрықша екендігіне тоқталды.

Осыдан кейін Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары Жанар Бектаеваның хабарламасы тыңдалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.

Семинар жұмысы алдағы уақыттарда мешіттер мен өзге де мекемелерде келісім бойынша жиі ұйымдастырылатын болып, дін өкілдері мен мемлекеттік органдар арасында үшжақты келісім бойынша жоспарланған жұмыстар қолға алынатын болып шешілді.

«SN.kz»-ақпарат.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар