Руханият 02.06.2019 сағат 11:35

Көкшетауда бір ғасырлық тарихы бар мешіттің жанынан жаңа құлшылық үйі бой көтереді

«»
Көкшетауда бір ғасырлық тарихы бар мешіттің жанынан жаңа құлшылық үйі бой көтереді
boz.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 Көкшетау қаласында 1 ғасырдан астам тарихы бар Жақия қажы атындағы мешіттің жанынан жаңа мешіт салынуда.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың қыркүйек айында Көкшетау қаласында 1200 келушіге арналған жаңа мешіт пайдалануға берілген болатын. Сол кезде  қала тұрғындары мен жергілікті мұсылмандардың рухани және діни орталығы саналатын жаңа мешітке Науан Хазірет атауы беріліп, бұрынғы ескі мешіт атаусыз қалған еді. Кейін 2016 жылдың сәуір айында аталған мешітке Жақия қажы атауы берілді. 

«Қазіргі Жақия қажы мешітінің тарихы тереңде жатыр. Салынғанына бір ғасырдан асты. Ағаштан тұрғызылған мешіттің сыны кетсе де, сыры кетпейтіні анық. Бірақ, уақыт озған сайын әбден ескіріп, бірде іргесі сөгіліп, енді бірде мұнарасы сыр беріп жатқаны тағы жасырын емес. Сондықтан, ескі құлшылық ғимараты жанынан жаңа мешіт салу туралы шешім қабылданды», - дейді Науан Хазірет атындағы мешіттің баспасөз қызметінен. 

Мешіт басшылығының мәліметінше, жаңа мешіттің құрылысын «Алуа строй» ЖШС жүргізуде. Жаңа діни ғимаратта осы заманғы құлшылық орны, асханасы және басқа да қызметтік кеңселері қарастырылған. 

Ал, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өңірдің киелі жерлері тізіміне кірген  Жақия қажы атындағы ескі мешіт музей ретінде пайдаланылатын болады. 

Айта кету керек, Жақия қажы Бейсембайұлы 1932 жылы Омбы облысының Любин ауданына қарасты қазақ ауылында дүниеге келген. Кішкентайынан иман жолын таңдап, 1959 жылы Өзбекстанның  Бұхара қаласындағы «Мир-араб» медресесінде,  Дамаск  Ислам университетінде «Шариһат» факультетінде білім алған.   

Дереккз: Inform.kz
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар