Руханият 01.06.2019 сағат 12:34

Шымкент қаласындағы Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелерінің аумағында көріктендіру жұмыстары басталмақ

«Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасы бойынша 7 нысан республикалық маңызы бар, 8 нысан жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілді. Осыған орай, Шымкент қаласындағы киелі орындар - Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелерінің аумағында таяу уақыттары көріктендіру жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласындағы Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелерінің аумағында көріктендіру жұмыстары басталмақ
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ал, «Қошқар ата» жобасы бойынша Қошқар ата өзенінің жағалауы абаттандырылып, қаланың тарихи даму кезеңін қазіргі уақытпен ұштастыратын заманауи қалашық және туристік аймақ ретінде дамыту жобасы жүзеге асырылуда.
Шымкент қаласындағы ескі қалашықты (Цитадель) ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізудің номинациялық деректемесі дайындалғанын айта кетейік.

Қалашықты ашық аспан астындағы мұражай ретінде құру бойынша жобалық-сметалық құжатты дайындауға 2017, 2018 және 2019 жылдары қаржы қаралып, игерілген. Бүгінде мұнда реставрация, консервация жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, Шымкент қаласында киелі жерлерге деген құрмет артып, халықтың тамашалауына жағдай жасалмақ.

«SN.kz» - ақпарат»

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар