Руханият 01.06.2019 сағат 13:33

Шымкент қаласындағы «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу іс-шарасы өтті

Шымкенттегі «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған ауқымды іс-шара өтті. Жиынға Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері, қуғын көрген алаш ардақтыларының ұрпақтары мен қала басшылығы қатысты.
Шымкент қаласындағы «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу іс-шарасы өтті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тағдырдың қатал сынағына ұшыраған боздақтар еске алынып, құрмет көрсетілді. Іс-шара алдымен ана мен бала ескерткішіне тағзым етуден басталды. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қала ардагерлері ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Одан әрі саяси-қуғын сүргінге ұшыраған ұрпақты еске алуға арналған митингте арда азаматтар бір минут үнсіздікпен еске алынды.

- Біз тарихтағы зобалаң жылдарды ұмытпауымыз керек. Өткен тарихтың ауыртпалықтарынан сабақ алып қана, алға қадам басамыз. Келешекте мұндай қателікке жол бермеуіміз қажет. Қасіретті жылдарда құрбан болғандардың туған-туыстарына өз алғысымды айтамын. Бейбіт өмірдің қадірін білейік, - деді қала әкімі. Жиын соңында жиналған көпшілік далалық театр қойылымдарын тамашалады.

«SN.kz» - ақпарат»

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар