Руханият 05.06.2019 сағат 08:24

Шымкент қаласының əкімі Ораза айт мерекесімен құттықтады

Бүгін таңертең Шымкент қаласының барлық мешіттерінде Ораза айт намазы оқылды. Шаһардың Орталық мешітіне айт намазын оқуға көп адам жиналыпты. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та осы жерден табылып, барша мұсылман жамағатты мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Шымкент қаласының əкімі Ораза айт мерекесімен құттықтады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

- Құрметті бауырлар, қасиетті айдың сауапқа толы күндері аяқталды. Рамазанда иманымызды күшейттік, құлшылыққа көңіл бөлдік. Алла тағала отыз күн тұтқан оразамызды, жасаған құлшылық-ғибадатымызды, берген садақамызды, барша игі амалымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай! Баршаңызды Ораза айтымен шын жүректен құттықтаймын. Әрбір отбасыға амандық пен жақсылық тілеймін. Келесі Рамазанға аман-есен жете берейік, - деді қала басшысы ағынан ақтарыла.

Айта кетерлігі, Оразадан соң үш күн тойланатын айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке. Бұл күні әр үйде сәні мен салтанаты ерекше мерекелік дастарқан жайылады. Мұсылмандар туған-туыс, дос-жаран, көрші-қолаңды аралап, бір-бірінің үйінен дәм-тұз татып, мәре-сәре болады.

«SN.kz»-ақпарат.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар