$ 494.87  520.65  4.91

«Тыңдармандарым 500 мың теңге жіберді»: Жігер Ауыпбаев қиналған кезін еске алды

Бетперде тағып алып, такси де болдым. Клубтардың алдында тұрып, орыстарды ғана алатынмын.

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев "Меломен" тобынан кеткеннен кейін немен айналысқанын, қалай қиналғанын айтты. Бұл туралы ол "Көреміз" бағдарламасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, алғашында такси болып, адамдарды тасымалдаған.

"Топтан кеткен әншінің өз-өзін қалыптастыру - өте қиын нәрсе. Менде ол кезде ақша да жоқ. Соңғы ақшамды алып, анамды алып, Умраға кетіп қалдым. Келгеннен кейін баскиім киіп алып, көзілдірік, бетперде тағып алып, такси де болдым. Клубтардың алдында тұрып, орыстарды ғана алатынмын. Сөйтіп жүріп ақша жинадым. Қиналып кеткенде ауылға кетіп қалдым. Бір күні Айман деген қыз хабарласты. "Алло, Жігер аға, Айман деген қарындасыңызбын, "Жига фан" деп Жаңаөзеннен ашылған болатынбыз. Біраз тыңдарманыңыз жиналды. Кішігірім демеуіміз болсын" деп, шотыма 500 мың теңге лақтырып жіберді. Бір түнде киімдерімді жинап, Алматыға кетіп қалдым", - дейді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары