$ 494.87  520.65  4.91

«Сол қызды мен алайын»: Уәлибек Әбдрайымов Ерке мен Раймға қатысты пікір білдірді

Еркенің өзі 40-қа жақындап қалған екен, енді 10 жылдан кейін ұйқыдан тұрғанда Еркеден кеш тұр.
Коллаж: stan.kz
Коллаж: stan.kz

Танымал сатирик Уәлибек Әбдрайымов “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында Райым мен Ерке Есмаханның ара қатынасына қатысты пікір білдіріп, өнердегі інісіне ағалық кеңесін берді деп хабарлайды Stan.kz.

“Өзінен жасы үлкен әйелдерді жар етіп алған інілеріңізге не айтасыз?” деген сұраққа сатирик әзілмен жауап беруге тырысты.

“Алматыда жоқ-жоқ” деп жүріп ақыры тауыпты ғой. Дұрыс, бақытты болсын. Бірақ мұны олардың өзіне айтсаң “Менің жеке басымда не шаруаң бар? Өзіңе жауап бер” деп айтады. Баяғыда ұят, намыс деген болатын. Әлде онікі пендешілік пе? Райымға Қазақстанның бүкіл қызы ғашық еді. Мүмкін ол Еркеге бұрыннан ғашық болған шығар. Райымға айтарым, Еркенің өзі 40-қа жақындап қалған екен, енді 10 жылдан кейін ұйқыдан тұрғанда Еркеден кеш тұр”, – деді Уәлибек Әбдрайымов. 

Бағдарлама жүргізушісі әзілкештке: “Ұлы өзімнен он екі жас үлкен қызға үйленемін десе, не дейсіз?” деген сұрақ қойды. Сатирик ойланбастан: “Шырағым, балам, сол қызды мен алайын. Дәл сол қыз үйге келін болу керек болса, маған кезек бер” дейтін едім”, – дейді ағынан жарылып. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары