17.03.2023, 03:30

Гүлназ Жоланова көпшілікті қызықтырып қойды

Фото: instagram.com/zholanova_gulnaz
Күйеу жігіт кім екен?

Жақында ғана "сырғалым" атанған актриса Гүлназ Жоланова желіде той көйлегімен түскен суретін жариялап, желі қолданушыларының ықыласына бөлінді. Көпшілік оған жылы лебізін жаудыруда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса бұл жолы Instagram желісіндегі фотосуреттер топтамасын "Махаббатпен, махаббаттан, махаббат үшін", деген жазбамен жариялаған.

Суреттен өнер иесінің қалыңдық образында фотоссесия жасағанын байқауға болады. Желі қолданушыларының жазуынша, бұл образ Гүлназ Жоланованың ажарын аша түскен. Олардың кейбірі актрисаның жүрегін жаулаған жігіттің яғни жарының кім екеніне қызығушылық танытқан.

"Не деген сұлулық", "Қандай әдемісіз", "Не деген сұлу бикеш", "Бір бойында сонша нәзіктік", "Бақытты болыңыз", "Қуыршақ секілді", "Күйеу жігіт кім екен?", "Жігіті жақсы адамның баласы, тәрбие көрген... Әкесін танимыз. Бақытты бол сұлу қыз, әбден лайықсың" , - деп жазуда пікір қалдырушылар.