Мәдениет & Шоубиз 17.03.2023 сағат 11:40

«100 келілік торт, қымбат мейрамхана»: 46 жасқа толған Айгүл Иманбаева туған күнін атап өтті (ВИДЕО)

Бұл тосынсыйды әншіге ақтөбелік құрбысы ұйымдастырған.
«100 келілік торт, қымбат мейрамхана»: 46 жасқа толған Айгүл Иманбаева туған күнін атап өтті (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Отандық әнші Айгүл Иманбаева Алматыда өткен жеке кешінен соң шоу-бизнес өкілдері арасында туған күнін атап өтті. Өнер иесі 46 жасқа толған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева 15 наурыз күні күндіз Республика сарайында жеке кешін өткізсе, сол күні кешке Алматыдағы қымбат мейрамхананың бірінде туған күнін атап өткен.

Әншінің 46 жасын құттықтап келгендер арасында Роза Рымбаева, Тұңғышбай Жаманқұлов, Азамат Сатыбалды, Мөлдір Әуелбекова, Ақбота Керімбекова, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова бар.

Сонымен қатар әнші Шахизада Instagram парақшасында Иманбаеваның туған күнінде түсірілген видеоны бөлісті. Айгүл Иманбаева да туған күнінің естеліктерін Instagram желісінің сторис бөлімінде бөлісті. Әншінің туған күнінің құрметіне жүз келілік торт дайындалған. Бұл тосынсыйды әншіге ақтөбелік құрбысы ұйымдастырған. 

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар