$ 447.4  477.55  4.76

Меруерт Түсіпбаева халықтан жиіркенетін әншілерді сынап тастады

Тойда көңіл тасып, жүз грамм ішіп алып, тіпті ішпесе де, “тірі” әртісті көрген соң қайтсін енді...
©instagram.com/meruert_tusupbaeva
©instagram.com/meruert_tusupbaeva

Танымал әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева әртістерді қызмет көрсету саласының адамдары деп санайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Бұрын әртістерді, Бибігүл Төлегенова сияқты жұлдыздарды, адамдар тек сахнадан, теледидардан көретін. Қазір жағдай басқа. Әртістердің бәрі тойға шығып кетті. Бүгінде оларды жақыннан көру қалыпты жағдай. Мен тойда ән айтып тұрғанымда талай рет, әсіресе, мас адамдар қысып, жабысып, сүйеді. Баяғыдан солай. Одан трагедия жасамаймын. Әртістер – қызмет көрсету саласының адамдары. Әр саланың, әр мамандықтың өз қиындығы бар. Бізді көк жәшіктен көрген соң кейбір тыңдарман бізді ерекше адам деп есептейді ғой. Тойда көңіл тасып, жүз грамм ішіп алып, тіпті ішпесе де, “тірі” әртісті көрген соң қайтсін енді...” – деп жазды әнші. 

Өнер иесінің бұл ойы көптің көңілінен шықты. Желі қолданушылары Меруерт Түсіпбаеваны қос қолдап қолдады.

“Дұрыс қарапайымдықты ұмытпау керек соңдай кезде”, “Бетінең сүйсе жаман ойлары жоқ. Жақын келіп, жақсы көріп сыйлайтынын білдіргені деп түсіну керек”, “Дұрыс, оған көнбесең тойға шықпай-ақ қой”, “Ақшаларын төлегеннен кейін бәріне шыдау керек”, “Тыржимай, кеудеден итермей шыдайсыңдар, әртіс қауымы”, “Қазіргі әншілер той-томалақта жүреді, қызық емес”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары