$ 498.34  519.72  4.85

«Ерке мен Райм болайық»: Жанатбек Жанар Айжановаға сөз салды

Күт десең, тағы бір жыл күте тұрайын. Біз де бола саламыз Ерке мен Райм.
Фото: caravan.kz
Фото: caravan.kz

Актер әрі "Ән мен әнші" жобасының тұрақты жүргізушісі Жанатбек Бәйтеков концерт кезінде Жанар Айжановаға "Ерке мен Райм болайық" деп ұсыныс жасады.

Бұл туралы видео әлеуметтік желілерді шулатты, – деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

"15-ке келіп күлмедім, бірақ Жанатбек не айтып тұрғаныңды білмедім. Әй, қасқа, кәмелет жасқа толмаған қызға тиісіп, ашқың келіп тұр ма есігің түрменің. Ұйқасты ма?", – деп концерт кезінде Жанар Айжанова әзілдесті.

Оған актер былай деп жауап берді:

"Қасыңда мен сенің мәңгі тұрайын. Жаман адам емес едім, Құдайым! Күт десең, тағы бір жыл күте тұрайын. Біз де бола саламыз Ерке мен Райм. Болайықшы лайым", – деп әзілдеді Жанатбек Бәйтеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары