Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әже болатынын айтып, қуанышты хабарды сүйіншілеп жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.
Өткен жылдың қыркүйек айында Түркияның төрінде дүркіретіп тойын өткізген Беклан мен Мәдина тұңғыш сәбиін күтіп жүр. Бұл туралы Айнұр Тұрсынбаева өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.
“Жастар Беклан мен Мәдина “gender party” жасайық деп… Қуаныш сыйлайтын сәттер көбейсін. Әрбір шаңырақта осындай жақсы жаңалықтар болсын. Құттықтауларыңызға рахмет! Жұғысты болсыншы”, – деп жазды айтыскер ақын.
Көпшілік алдында болашақ сәбиінің жынысын жария еткен жас жұбайлар жақын арада ұлды болатынын білді.
Өнердегі әріптестері мен оқырмандары айтыскерді қуанышымен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.
“Салихалы ұрпақтан болсын”, “Құтты болсын”, “Немереңіздің бал қылығын қызықтауды жазсын”, “Құттықтаймын”, “Шекесі торсықтай ұлды бізге де нәсіп етсін”, – деп жарыса жазып жатты.