Мәдениет & Шоубиз 26.03.2023 сағат 03:30

Роза Рымбаева тұңғыш немересінің қуанышын дүркіретіп өткізді

Бұл ақпаратқа қатысты бұған дейін Әли де, Ақерке де пікір білдірмеген.
Роза Рымбаева тұңғыш немересінің қуанышын дүркіретіп өткізді
Фото: Massaget.kz

Әнші Әли Оқапов пен Assyl тобының солисі Ақерке Бүркітбай ұлдары Зейіннің бесік тойынан отбасылық суреттерді бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Жұлдызды жұп парақшаларында қуанышты шара туралы айтпағанымен бесік тойдан суреттерді Ақеркенің жақындары бөліскен.

Ақерке Бүркітбай қуанышына ортақтасып келген жақындарына алғыс айтқан. Отбасылық суреттерде әнші Роза Рымбаеваны да байқауға болады. 

Роза Рымбаеваның тұңғыш немересінің қуанышына халық әртістері мен эстрада жұлдыздары жиналған. 

Еске салайық, 22 ақпанда әнші Әли Оқапов әке атанғанын растаған болатын. Себебі бұл ақпаратқа қатысты бұған дейін Әли де, Ақерке де пікір білдірмеген болатын. Сонымен қатар, Оқапов эксклюзив сұхбат беріп, ұлының есімін Зейін деп өзі қойғанын айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар