27.03.2023, 23:30

Екінші рет үйленген Ұлықпан Жолдасовтың ұлының тойынан ерекше суреттер жарияланды (ФОТО)

Скриншот: instagram/farida_zholdasova
Келінге құда түсіп барғандар қатарында елімізге танымал өнер жұлдызы Нұрлан Өнербаев та болған.

Жақында танымал әнші Ұлықпан Жолдасовтың ұлы сүйіктісін ұзатып алған болатын. Кейін күйеу жігіттің әулеті дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Болат пен Алтынайдың үйлену тойынан видео және фотосуретті әнші Фарида Жолдасова желіде жариялады. Көпшілік жас келіннің жүзі жылылығын алға тартып, Ұлықпан Жолдасов пен жұбайы Айғанымға құттықтауларын жаудырған.

Айта кетелік, Болат Жолдасовтың сүйіктісі де музыка әлемінен алшақ емес. Алтынайдың кәсіби қобызшы әрі скрипкашы екені анықталды. Келінге құда түсіп барғандар қатарында елімізге танымал өнер жұлдызы Нұрлан Өнербаев та болған.