03.04.2023, 07:30

«Қоқан-лоққы көрсетті»: Жұлдызай Дүйсенбиева «Шаншарға» қайта оралуына не кедергі болғанын ашып айтты

Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы
Осыған дейін Жұлдызай Дүйсенбиева Уәлибек Әбдірайымовпен арадағы реніш 14 жылға созылғанын айтып, халық алдында кешірім сұраған болатын.

"Шаншар" және "Алдараспан" театрларының бұрынғы актрисасы Жұлдызай Дүйсенбиева ұстазы Уәлибек Әбдірайымовпен арадағы түсініспеушіліктерге тоқталып, театрға қайта оралуына қандай кедергі болғанын айтты. Бұл туралы ол "Хабар" арнасындағы "Алғашқы" жобасында мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен Уәкеңнің алдына талай рет бардым. "Шаншардан" кеткен соң бірінші рет бардым. Содан соң Уәкең: "Жарайды, Жұлдызай, қайтшы театрға", - деді. Осылайша, театрға қайта ораламын деп отырғанда, "Шаншардағы" актерлердің бірі: "Сен не бетіңмен келмекшісің, біздің әп-әдемі ұйып отырған театрымызға?", - деп қоқан-лоққы көрсетті. Осыдан кейін "қайта шапқан жау жаман, қайта келген қыз жаман", - демекші, барудан бас тарттым. Кейін Уәкеңмен жақсы сөйлесіп кеттік. Тіпті, бір қойылымында менің группалас қызым болмай қалып, соның рөлін де ойнап бергем.

Жақында Уәкеңнің 60 жылдығы өтті. Сол мерейтой қарсаңында Уәкеңе хабарласып: "Сіздерді құттықтап барып қайтайын. Шамам келгенде шапан шаттығымды, бір-бір атымды алып барайын", - дедім. Ол: "Ойбай, қыз, кел! Алматыда осы күні боламын, ақылдасайық", - деді. Айтқан күні хабарластым, телефон алмай қойды. Мен театрдан қашып кеткен жоқпын. "Балам ғой, Нұржанды (Нұржан Төлендиев - ред.) кешірдім дейі. Осыдан ұлды ұлықтап, қызды шетке ысырып тастайтыны көрініп қалды. Мен барғым келеді, мені келтірмейді. Мен баратын кезде, біреу тосқауыл қояды", - деді Жұлдызай. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Жұлдызай Дүйсенбиева Уәлибек Әбдірайымовпен арадағы реніш 14 жылға созылғанын айтып, халық алдында кешірім сұраған болатын.