$ 494.87  520.65  4.91

«Біз де қарапайым адамбыз»: Айжан Байзақова халыққа алғаш рет күйеуін көрсетті

Күйеуімнің фотосын пайдаланып, хайп жасауға тырыспаған адам қалмаған болар.
Фото: Фото: Instagram / arystan_nurbek
Фото: Фото: Instagram / arystan_nurbek

Танымал блогер Айжан Байзақова өзінің Instagram парақшасында көпшілікке алғаш рет күйеуін көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова осы күнге дейін күйеуінің фотосын ешкімге көрсетпей келген. Алайда жақында блогер жан жарының түрін өз желі парақшасында жария етуді ұйғарды.

"Күйеуімнің фотосын пайдаланып, хайп жасауға тырыспаған адам қалмаған болар. Менен басқасының барлығы бәрін көріп, таратып, жария етті. Негізі біреуді жасырсаң, қызығушылық арта түседі. Сондықтан қызығушылықты бәсеңдететін кез келді... Біз де қарапайым адамбыз", - деп жазды танымал блогер.

Желі қолданушыларының басым бөлігі Айжанға ақ тілегін жаудырды: "Бақытты болыңдар", "Күйеуі сымбатты екен, бақытты бол", "Махаббат бәрін өзгертеді. Әйел сүйген адамының қолында құлпыра түсетінінің нағыз үлгісі", "Бәрі оған әйелі сұлу деп қызығушылықпен қарайтын. Ал енді мен күйеуіне қызығушылықпен қарап отырмын. Балалары да сүйкімді болады меніңше", - деп жазған пікір қалдырушар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары