$ 486.44  534.31  5.06

«Қазақтың бәрі осылай жүрсе»: кимешек киген Жанар Айжанова мен қызы Айжұлдызға көпшілік риза болды (ВИДЕО)

Көпшілік ұлттық киімді дәстүрлеген анасы мен қызына ризашылық білдірді.
Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova
Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Отандық актриса Жанар Айжанова қызы Айжұлдызбен бірге кимешек киіп, көпшілікті сүйсінтті. Қасиетті Рамазан айында ауызашарға жиналған жұлдызды отбасының видеосын Адайбекова Instagram желісінде жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ауызашарға кеттік", - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.

Видеодан бірдей ұлттық киім киген Жанар Айжанова мен қызы Айжұлдыз Адайбекованы көруге болады. Ал желі қолданушылары ұлттық киімді дәстүрлеген анасы мен қызына ризашылық білдіріп, пікір қалдырды.

"Жарайсыздар", "Қандай керемет", "Өте сұлусыздар", "Қазақтың бәрі осылай жүрсе", "Анаңыздай аумайсыз", - деп жазды желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары