12.04.2023, 05:30

Шавкат Рахмонов мансабын аяқтаған соң немен айналысатынын айтты

Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images
Мансабымды аяқтаған соң бизнеспен айналысамын деп ойлаймын.

UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов мансабын аяқтаған соң немен айналысатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы отандық спортшы журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында сөз етті. Шавкат Рахмонов мансабын аяқтаған соң жеке кәсіппен айналысуы мүмкін екенін жеткізді.

"Мансабымды аяқтаған соң бизнеспен айналысамын деп ойлаймын. Қазірдің өзінде жай-жайлап бастап жатырмыз", - деді қазақстандық аралас жекпе-жек шебері.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдағанын жазған едік. Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады.  

Жарыста отандық спортшы америкалық Джефф Нилді қылқындыру әдісімен ұтты.