Сахнада жүргеніне 20 жыл болған танымал әнші Айқын Төлепберген өзі жайлы фильм түсірмек деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Эстрада жұлдызы өнердегі ағалары “Дос-Мұқасан” тобы туралы түсірілген көркем фильмді мысал ретінде алды.
“Өзімнің өмірім туралы кино ма, сериал ма түсіру ойымда бар. Шетелдік әнші Элвис Пресли сияқты толықметражды фильм түсірсем деймін. Елдер “Дос-Мұқасан” түсірді дейді. “Неге қазір түсірейін деп жатырсың? Басқалар сен туралы түсірмей ме? Әлі тірісің ғой” дейтіндер көп. Керісінше, әндерім хит болып тұрған кезде фильм түсіріп, жарыққа шығару керек. Қырық жылдан кейін орнымызды жас буын басады. Ол кезде менің киномды ешкім қарамайды, себебі қызық болмай қалады. Сондықтан қазір түсірсем деген ой бар”, – дейді әнші.