13.04.2023, 03:30

«Жылап жатқан шығар»: Райымның бұрынғы ғашығы ақ көйлек киіп, жұртты қызықтырып қойды

Коллаж: Stan.kz
Ерке кемпір болып қалды.

Райымбек Бақтыгереевтің бұрынғы қызы Наргиз Рамазанова әлеуметтік желіге той көйлегімен түскен суретін жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Наргиздің өзі суреттердің астына ешқандай жазба қалдырмады. Ару көпшілікті сұлулығымен тәнті етті. Желі қолданушылары Наргизды тұрмысқа шыққалы жатыр деп топшылап, оған жылы лебізін білдірді. “Неткен нәзіктік”, “Сондай сұлусыз”, “Бақытты бол”, “Райым жылап жатқан шығар”, “Райымның барлық әндері саған арналған”, "Ерке кемпір болып қалды", “Наргиз қайда, Ерке қайда?” – деп пікір қалдырды желідегілер.