13.04.2023, 11:40

«Менің музыкам бәріне бірдей ұнай бермейді» - Димаш Құдайберген

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/
Әнші бөліскен фотода оның жанкүйерлері концерт тыңдап тұрған сәті түсірілген.

Әнші, музыкант Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында қызық сәттен фото бөлісті. Әнші фотоның сипаттамасына "Менің музыкам бәріне ұнай бермейді" деп жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші бөліскен фотода оның жанкүйерлері концерт тыңдап тұрған сәті түсірілген. Бірақ қалың көрермен арасында бір кішкентай қыз құлағын жауып, құдды "тыңдағым келмейді" деп қарсылығын көрсетіп тұр. Димаш дәл осы қыздың бұл әрекетін ерекше белгілеп, пікір жазып, көпке бөлісті. 

Жанкүйерлері әншіні бірден қолдап, бірге күліп жатыр.

"Менің музыкамды бәрі бірдей ұната бермейді", - деп жазды Димаш. Жазбаның қасында бірнеше күліп тұрған смайл бар.