17.04.2023, 23:30

«Тыныш отырғаным жақсы еді»: Ерке Есмахан өзінің жүктілігіне қатысты қауесетке нүкте қойды

Фото: instagram.com/erke_esmahan
Өсек таратпай тұра тұрыңыздар.

Отандық әнші Ерке Есмахан өзінің жүктілігіне қатысты қауесетке нүкте қойды. Өнер иесі Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші әлеуметтік желіде сурет жариялап, аяғының ауыр еместігін жазды. Алайда желі қолданушысының бірі әншінің бұл сөзіне күмән келтіріп, "Онда неге суретте аяғыңыз ауыр сияқты", - деп сауал жолдаған Ерке Есмаханға.

Ал әнші желіге жариялаған суретінің тұрмысқа шықпай тұрып түсірілгенін түсіндірді.

"Өсек таратпай тұра тұрыңыздар. Баяғы қыз кезімде түскен сурет. Білмеймін, неге ішім бар сияқты болып қалған. Әлеуметтік желіге шықсам, бірден өсек. Ештеңе жарияламай, тыныш отырғаным жақсы еді", - деп жазды Ерке Есмахан.

Естеріңізге сала кетейік, жақында тұрмысқа шыққан Ерке Есмаханның жарына ауызашарға дастархан дайындаған видеосы әлеуметтік желіге таралған болатын.